петиция

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНАНЫ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ БЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕМІЗ! ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛМЕСІН!

Автор петиции: Народная партия Казахстана | Маусым 14, 2022

Otinish.kz

2976
людей уже подписали

Петиция завершена

Жаңа Конституцияға сәйкес, халық жер мен табиғи ресурстардың иесі болып табылады. Біз маңызды конституциялық норманың қағаз жүзінде бос уәде болып қалғанын қаламаймыз.

             Қазақстан – шикізат ресурсы мол ел. Әрбір қазақстандық осы ресурстардың меншік иесі ретінде экономикалық пайдадан өзіне тиесілі үлесін алуға тиіс.

Үкімет «Самұрық-Қазына» қорына кіретін «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz», «Қазатомөнеркәсіп», ҚТЖ, «Қазақтелеком» және басқа да көптеген ұлттық компанияларды тиімсіз басқарады. Олардың барлығы олигархтар мен жемқор шенеуніктерге пайда әкелетін схемаларға толы.

Тек «QazaqGaz» ұлттық компаниясында ғана 937 миллиард теңгеден астам қаржыға делдалдық жасалып, қаржылық бұзушылық анықталған.

Үкімет халықтың барлық активтері шоғырланған «Самұрық-Қазынаның» негізгі акционері болған кезде, тиімді басқару болмайды.

БІЗ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ 100% АКЦИЯСЫН ХАЛЫҚ МЕНШІГІНЕ БЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕМІЗ! БҰЛ ҮШІН ЖЕКЕ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ!

Соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға 140 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы шығарылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару, сондай-ақ

заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде мекемеаралық комиссия құрды.

БІЗ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ШЕТЕЛГЕ ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАЛЫҚ МЕНШІГІНЕ АЙНАЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Біз халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі атанғанын ескере отырып, Үкіметтің оны таңдаулы тұлғалар тобына мардымсыз ақшаға сатқанын қаламаймыз. Жекешелендіру үшін «Самұрық-Қазына» компанияларының тізімін 2,5 есе – 253 нысанға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Халықтың активтері олигархтарға қайта оралмауы керек!

      БІЗ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ТОҚТАТУДЫ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ АКТИВТЕРДІ ХАЛЫҚ МЕНШІГІНДЕ САҚТАУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

«Самұрық-Қазына» қорының 100% акциясын халық меншігіне беру туралы халық заңын әзірлеу жөніндегі топқа мына сілтеме бойынша қосылыңыз https://t.me/+XzvDrS5N6c0zNDFi

 

Қазақстан Халық партиясы

От автора петиции

Наше видение:

1) Весь акционерный капитал Самрук-Казына делится на 19 млн. акций – одна акция каждому казахстанцу.

2) Каждый казахстанец получает в собственность одну акцию. Акция неотчуждаемая, непродаваемая и ненаследуемая, чтобы никто не смог скупить все акции. Если рождается ребенок, делается дополнительная эмиссия акции. Умирает – акция погашается.

3) Акция дает право на получение ежегодной прибыли – дивидендов. Вся прибыль Самрук-Казына будет распределяться между всеми казахстанцами.

4) Будет разработано мобильное приложение «Народный акционер», где каждый сможет видеть свою акцию и прибыль, а также голосовать по вопросам управления.

5) Руководство Самрук-Казына будет избираться всеми казахстанцами - акционерами. Большинством голосов. За детей голосуют их родители. Голосование будет проходить через мобильное приложение «Народный акционер». В любой момент можно будет отправить руководство Самрук-Казына в отставку.

Otinish.kz

2976
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться