петиция

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР МУЗЕЙІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ПЕТИЦИЯ

Автор петиции: Айжан Беккулова | Сәуір 10, 2021

Otinish.kz

116
людей уже подписали

Петиция завершена

Қазақстан қолөнершілер одағы азаматтарды, азаматтық қоғам өкілдерін, сондай-ақ халықаралық және ұлттық мәдени ұйымдарды Алматы қаласында Сәндік-қолданбалы өнер музейін ашуға көмектесуге шақырады. Жеті жылдан бері біз мемлекеттік органдардан қолдау сұрап келеміз, алайда еш нәтиже жоқ. Біз бұл петицияны Қазақстан Республикасының Президентіне, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасына, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына және ҚР Мәдениет және спорт министріне жолдаймыз. Қазақстанда бір де бір сәндік-қолданбалы өнер музейі жоқ. Еліміздегі ешбір музейде сіз қазақтың аса бай және бірегей дәстүрлі өнерінің барлық спектрімен таныса алмайсыз, қазақ шеберлері бұйымдарының аймақтық ерекшеліктері немесе шығармашылық функционалдығы туралы және қазақ қолөнерінің экологиялық тазалығы туралы біле алмайсыз. Қазақстандық нарықтағы кәдесый өнімдерінің көп бөлігі Қытай, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан импортталады. Мұндай бұйымдардың қазақтың дәстүрлі өнеріне еш қатысы жоқ, бірақ сұранысқа ие, өйткені адамдарға дәстүрлі қазақ өнімдері туралы ақпарат табу өте қиын. Қазақстандықтарға қазақ эстетикасына қатысты көрнекі көзқарас қалыптастыру қажет. Қазақ шеберлерінің ең бай мұрасы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің қоймаларында сақтаулы және көрме алаңының жоқтығынан еш жерде қойылмайды. Нарықта қазақ қолөнері туралы сапалы әдебиет пен сенімді онлайн контент жетіспейді. Қазақстан қолөнершілер одағында кез-келген халықаралық музейге лайық заманауи сәндік-қолданбалы өнердің аса бай жинағы бар. Алайда бұйымдар температура мен ылғалдылық режимі ескерілмей, қорқынышты жағдайда сақталады және ғимараттың жоқтығынан тұрақты түрде ешқайда қойылмайды. Жеке толыққанды музей құру шартымен Одақ өз коллекциясын осындай мұражайға тапсыруға дайын. Мамандандырылған мұражайдың болмауы қазақстандықтардың қазақтардың материалдық емес мұралары туралы түсінігін шектеп, қазақтың бай ою-өрнектерін кедейлендіріп отыр. Тек тұрмыстық заттарға және киіз үйдің еден жабынына арналған «қошқар мүйіз» өрнегі қазіргі таңда киім мен зергерлік бұйымдарда кеңінен қолданылып жүр. «Белдемше», «шекпен», «шашақ», «өңірше» сынды көптеген ұғымдар халық жадынан өше бастады. Мұндай өнімдер бізге жетіспейтін нағыз қазақстандық брендтерге айналуы мүмкін. В.В.Верещагиннің картиналарында кездесетін ілмектің көмегімен («біз кесте») жібекпен кестеленген ерлерге арналған күдері шапандар мен шалбарларды бүгінде қазақ мәдениетімен байланыстыратын адам кемде-кем. Қазақтарды «қырғыз-қайсақ» деп атағандықтан, әлемнің көптеген музейлерінде тек қазақтарға ғана тән техниканы қолдана отырып жасалған шынайы бұйымдар қырғыз, сондай-ақ өзбек немесе түрікмен мұралары болып саналады. Ресейдің жетекші музейлерінің мамандары қазақтың дәстүрлі «сәукелесін» қырғыз мәдениетіне жатқызады. Дәстүрлі қолөнер қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Қазақтың дәстүрлі өнері мен салт-дәстүрлерін толық білу ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде еліміздің мәдени қауіпсіздігін нығайтуға көмектеседі. Сәндік-қолданбалы өнер музейі сонымен қатар қазіргі заманғы өнер мен креативті индустрияның қуатты базасына айналады. Сізді петицияға қол қоюға және Алматы қаласының туристік орталығында сәндік-қолданбалы өнер музейін құруға қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

PS Авторлық басылым сақталған.

Фото сурет - ғаламтор желісінен

 

Otinish.kz

116
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться