Otinish.kz

Қоқыс өртеу зауыттарына ҚАРСЫ және қайта өңдеуді ҚОЛДАУ петициясы!

 

Біз, Қазақстан азаматтары, Сізге Қазақстанда қоқыс өртеу зауыттарын (ҚӨЗ) салу жобасын тоқтату туралы өтінішпен жүгініп отырмыз.

Қазақстан циркулярлы экономиканы құру бойынша өркениетті елдердің жолын таңдап, Париж келісіміне қол қойып, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртекті нейтралдыққа жету міндеттемесін жариялаған кезде, Экология министрлігі қайта өңдеу саласын дамытудың орнына қалдықтарды басқарудың қымбат әрі ең экологиялық жағынан тиімсіз тәсілін өртеуді ұсынып отыр.

Қазіргі таңда дамыған елдер қалдықтарды басқару технологиясының «тұрақты даму қағидаларына сай келмейтін» түрі ретінде ҚӨЗ-ден бас тартуда, ЕО 2017 жылы мүше мемлекеттерге қалдықтардан энергия алуды қоғамдық қолдаудан бас тартуды және қоқыс өртеуді басқа экологиялық жағынан тиімді балаламаларды жүзеге асыруға кедергі ретінде танып, өртеудің экономикалық стимулдарын жоюды ұсынды.

ҚӨЗ-де қалдықтарды өртеу ТҚҚ көму мәселесін шешпейді, өйткені өртеуден кейін бастапқы салмағынан 25-40% құрайтын токсинді күл-қоқыс қалдықтары пайда болады, ал оларға қауіптілік деңгейі жоғары ПОЛИГОНДАР керек.

Сонымен қатар, пластмассаның құрамында түрлді химиялық қоспалар бар, олар өртенген кезде хлорланған диоксиндер (жойылуы қиын органикалық ластаушылар – ЖҚОЛ), басқа токсинді және берік химиялық заттар – полициклды хошиісті көмірсутектер (ПХК) пайда болады. Газ тазартушы қондырғылар ұшатын күлде және басқа қалдықтардағы барлық ЖҚОЛ-дарды ұстап қала алмайды. Ұшатын күл топыраққа, суға, хроникалық респираторлық аурулар, рак ауруын тудырып, адамдар мен жануарлардың өкпесіне түседі.

Экономикалық тұрғыдан ҚӨЗ бұл аз жұмыс орындары, жоғары инвестициялық және эксплуатациялық шығындар, қауіпті ластаушы шығарылымдар, халықты емдеуге жұмсалатын шығынның артуы, а/ш өнімдерінің ластануы, қауіпті қатты және сұйық қалдықтарды орналастыру шығындары және парникті газдардың көп шығарылуы.

Қалдықтарды өртеу мәселені шешуден гөрі, халықтың, жануарлардың ауруы, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты мәселелердің ұшығуына алып келеді, сондай-ақ қайта өңдеу саласын жояды.

Конституцияға сәйкес, мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіндіктен, біз мыналарды ТАЛАП ЕТЕМІЗ:

 

1. ҚӨЗ құрылысын салу жобасын тоқтатуды;

2. Орхусс конвенциясына сәйкес шешім қабылдау процесінің дұрыс ақпараттандырылуын және қоғамның қатысуын қамтамасыз етуді;

3. Отын ретінде мұнай мен газ сияқты планетамыздың жаңартылмайтын ресурстарынан пайда болатын қалдықтар пайдаланылатындықтан, қалдықтардан алынатын энергияны қалпына келмейтін энергия деп тануды;

4. Қалдықтарды басқаруда иерархия қағидасын қатаң сақтауды.

 

Шешу жолдары:

 

1. Тамақ қалдықтарын қалпына келтірудің балама нұсқаларын қарастыру.

2. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес қалдықтарды қайта өңдеуді қамтамасыз ету.

3. Қайта өңдеуге болмайтын, сондай-ақ қайта пайдалануға болатын баламалары бар медициналық емес мақсаттағы тауарлардың, ыдыстар мен қаптамалардың айналымын жоспарлы түрде қысқарту.

4. ЕО үлгісі бойынша медициналық емес мақсаттағы бір реттік өнімдерді өндіруге, әкелуге және таратуға тыйым салу.

5. Президенттің қайталама шикізатты қайта өңдеу инфрақұрылымын құру үшін өнеркәсіпті дамыту қорын құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру.

6. Халықты ҚБЖ ережелері бойынша ақпараттандырудың және оқытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын енгізу.

7. Айналым ыдыстарын енгізу және көп рет қолданылатын баламаларды пайдалануды ынталандыру арқылы ҚТҚ түзілуінің барлық деңгейлерінде «нөл қалдық» тұжырымдамасын енгізу.

 

PS Авторлық басылым сақталған.

Фото сурет - ғаламтор желісінен

 

 

1211 қол қойды
Қол қою
Жазылушылар тізімі
Автор петиции - Куралай
Сайт тілін таңдау:
Өтініш жіберіңіз Правила размещения петиции