петиция

Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяға жұмыс визасы берілсін.

Автор петиции: Samat | Наурыз 26, 2021

Otinish.kz

3384
людей уже подписали

Петиция завершена

Ассалаумағалейкүм Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза!

Мен Самат Ахметов Оңтүстік Кореяда өмір сүріп жатқан Қазақстан азаматымын. Кореяда жұрген 35 мың қазақстандықтың атынан олардың өтініштерін сізге жазып жатырмын. Бүгінгі күні Қазақстанда Оңтүстік Корея капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Hyundai, LG, Samsung, Lotte Confectionery, SK, Dongil Highvill сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда. Қазақстанда корей компанияларының белсенділігі жоғары. Қазақстан Корея үшін маңызды, қауіпсіз әрі тұрақты серіктес саналады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы бизнес байланыс жаңа сатыға көтерілмек Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, сіз әрбір Қазақстан азаматарын өміріне алаңдайтыныңызды білеміз. Корея елінде жұрген 35 мың Қазақстандықтардың атынан сізге өтініш. Корея елінде жұрген Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп бізге заңды мигрант болуға, жұмыс визасын ашып берулеріңізді сұраймыз. Бізде басқа елдер сияқты Кореяға заңды келіп, ауруханаға түскен уақытта жеке басымыздың сақтандырылғанын қалаймыз. Ресми ақпараттар бойынша Оңтүстік Кореяда 35 мың Қазақстан азаматтары бар. Олардың 10 мыңы заңсыз мигранттар. Елшілікте тіркелгендер саны 1000 адам. Төтенше жағдайлар кезінде қалған 9 мың адамның өмірі не болмақ. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтеді. Халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Бір жылдың ішінде 60 астам Қазақстандық қыз келіншектер корея азаматтарына тұрмысқа шыққан болса, Кәріс жерінде дүние есігін ашқан сәбилердің саны 200 ден асты. Соңғы санақ нәтижесі Кореяда Қазақстан азаматтарының саны өскенін көрсетті. Коронавирусқа байланысты 2020 жыл Қазақстан және Корея үшін ауыр жыл болды. Ал Кореяда жұрген отандастарымыз Коронавирус індетті өршіп тұрған уақытта Қазақстанға көмек ретінде 1 жылда 250 мың доллар ақша аударған. Ия бұл заңсыз мигранттардың жіберген ақшалары. ЕГЕР жұмыс визасы берілетін болса бұл көрсеткіш 2есеге артпақ. Коронавирус басталғалы Кореяда жұрген шетел азаматтары оз елдеріне қайтып кеткен болатын, солардың ішінде Отандастарымыз да бар. Коронавирусқа басталғалы Кореяда көптеген завод фабрикалар құрылыс алаңдары жұмысшылар жоқтығын, адам санын жетпей жатқанын көрсетті. Егер мүмкіндік болса Қазақстан азаматтары Кореяға қайта келіп жұмыстарын ары қарай жалғастыра алады. Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп келген көптеген қазақстандықтар жұмыс визасын жоқтығына байланысты құжаттар жағынан қыйыншылықтар болып жатады. Егер Қазақстан азаматтарында жұмыс визасы болса Қазақстан азматтары Кореяда үлкен өндіріс орындарында емін еркін жұмыс атқарып, өздерінің жеке құқықтары заң алдында қорғай алады. Еңбек визасымен жұмысқа жылдам әрі оңай орналасуға болады. Артық қағазбастылық жоқ. Біз Кореядағы қазақстандықтар осы жерде алған, көрген, үйренгедерімізді Қазақстанға барып үлкен кореялық компаниялармен бірлесе жұмыс жасауға дайындалып жұрмыз. Алайда барлығы заңды құжат жүзінде болғаны жақсы. Біз жастарға қолдау көрсетіп бізді қолдауыңызды сұраймыз. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілік өкілдері отандастарымыздың өмірі үшін алаңдап ,әрқашан да көмек қолдарын созуға дайын. Алайда Елшілік ар бір Қазақстандықтың жеке басын сақтандырып, оларға жұмыс визасын бере алмайды. Егер Қазақстан Корея бойынша жұмыс вызасы ашылатын болса, Бұл екі мемлекет үшін де ортақ жұмыс болмақ. Мен 2020 жыл 10 желтоқсан күні Кореяның Президенті МУН ДЖЕ ИН МЫРЗАҒА ашық үндеу жасадым, үндеуде Қазақстан азаматтарына жұмыс визасын берілу айтылған. Жасалған үндеу Корея Президент әкімшілігіне жетті. Енді осы үндеуге Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаныңда араласқанын,

 

Бізге Қазақстан Корея бойынша жұмыс визасын ашып берулеріңізді сұраймыз.

 

PS Авторлық басылым сақталған.
Фото сурет - ғаламтор желісінен

Otinish.kz

3384
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться