петиция

Ашық хат! Мемлекеттік бала-бақшаларды жеке меншікке беруге қарсы Қазақстанның барлық ата-аналарын бізді қолдауға шақырамыз. Бүгінгі біздегі жағдай ертең әрбір ата-ананың басына түсуі әбден мүмкін!!!

Автор петиции: Филатченкова Надежда Васильевна | Наурыз 17, 2021

2228
людей уже подписали

Петиция завершена

ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа ҚР Премьер-Министрі А.Мәминге ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке

Ашық хат!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты балабақшалардың бір топ ата-аналары Сіздерге төмендегі жағдайға байланысты келесідей мазмұнда ашық хат жолдайды. 13.03.2021 ж. күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында 15 мемлекеттік балабақшаның жеке меншікке берілетіні туралы https://facebook.com/groups/astan/permalink/450045033082767/ ақпарат шықты. Сенімгерлік басқаруға берілетін 1, 5, 7, 15, 26,34, 35, 54, 58, 73, 76, 77, 78, 81, 83 балабақшалардың барлығы Елорданың адам көп шоғырланған жақсы аудандарында орналасқан. Материалдық-техникалық базасы жаңа, озық технологиялармен жабдықталған, білікті, тәжірибелі кадрлар құрамымен жасақталған бұл балабақшалардың әрқайсысында 300 баладан, жалпы саны шамамен 4500 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүгінгі күні бізді осы 5000-ға жуық баланың тағдыры алаңдатып отыр. Мемлекеттік бала-бақшаларды сенімгерлік басқаруға берудің негізгі себебі ретінде - бюджет қаражатын үнемдеу көзделген сыңайлы. Бала - болашағымыз, бір отбасының ғана емес, бүтін халықтың, тұтас ұлттың ең басты құндылығы, елдігіміздің ертеңі десек, ел тұтқасын ұстар ұрпақтан мемлекет қаржысын үнемдеп, балабақшаларды жеке секторға беру бастамасын көтеру қай ақылға сиятын тірлік?! Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізде білім мен ғылым саласы бас-аяғы жоқ баянсыз реформалардан көз ашпады. Соның салдарынан ғылым мен білім дамымай, жоғары білімімізді жоғалттық. Орта білім жүйесінің жағдайы да оңып тұрған жоқ. Оқулықтар сапасы сын көтермейді. Онлайн оқытуда олқы тұстарымыз төбе көрсетті. Адами капиталдға жауапты тұтас саланың күйреуінің соңғы сатысы – балабақшаларға қол салу қалды ма? Құрметті ел тұтқасын ұстаған шенеунік мырзалар! Мемлекеттік балабақшаларды жеке меншікке берудің тиімсіз тәжірибесін біз 2000 жылдардың басында көргенбіз. Бірнеше жылдан кейін Елордадағы 14 балабақша мемлекетке мүсәпір жағдайда қайтарылды, оларды қалпына келтіруге бюджеттен қыруар қаржы жұмсалды. Елордадағы жақында салынған, не күрделі жөндеуден өткен , яғни бизнестен қаржы құюды қажет етпейтін мемлекеттік балабақшаларды жеке меншікке беруге не күн туып отыр?! Білім беру бағдарламасы мен даярланған мамандары бар, қосымша қаражатқа зәру емес мекемелерді мемлекет қамқорлығынан шығарып, жекеге беру балалардың болашағына балта шабумен тең деп есептейміз. Бұған дейін жеке меншікке берілген білім беру ұйымдарының көсегесі көгеріп, көктеп кеткені шамалы: Көкшетау, Семей, Петропавл қалаларында сенімгерлік басқаруға берілген мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана төлемақысының мөлшері 40% - ға дейін шарықтап кеткен. Бұл - онсыз да қымбатшылық белең алған заманда аз табысқа күн көріп жүрген жас ата-аналардың қалтасын қағу. Бала туу деңгейі жоғары Нұр-Сұлтан қаласында бір жанұядан балабақшаға екі немесе одан да көп бала барып жүрген отбасылар қайтіп күн көрмек?! Әлде, көп балалы ата-аналардың жанайқайы сіздерге жетуі үшін Ситерлер отбасы секілді отқа оранып, әкімдіктің алдына шеруге шығу керек пе? Балабақшалар мемлекеттен жеке қолға өткен жағдайда біз Сіздерге жағдайымызды жеткізу үшін көшеге шығуға мәжбүрміз және бұдан тайынбаймыз. Сол себепті мемлекет қаржысын үнемдеудің төте жолдарын қарастыруларыңызды талап етеміз: от шашып мереке ұйымдастырудан бастап, мыңдаған шаршы метрлік мәрмар тастан салынған ғимараттар қаңырап бос тұр. Солардың күтіп-ұстауы мен жылытуын жеке қолға неге бермеске? Бұл желге ұшып жатқан қазына қаржысын қысқартудың қарапайым бір ғана мысалы. Кәмелетке толмағандар мен кiшкентай балалардың құқығына қол сұғатындар қаптаған заманда балаларды мемлекет қарауынан шығарып, жеке қолға беру туралы шешім шығару - адам құқығын аяққа таптаумен тең!!! Елорданың ата-аналар қауымы мемлекеттік балабақшаларды сенімді басқаруға беруге наразылық білдіреді және мұндай шешімді қабылдаудан түбегейлі бас тартуды талап етеміз!!! Максималды түрде репост сұралады.

 

PS Авторлық басылым сақталған.
Фото сурет - ғаламтор желісінен

 

2228
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться