петиция

Обращение общественности по поводу строительства VIP-отеля в урочище Бозжыра.

Автор петиции: Ажар Джандосова | Мамыр 17, 2021

Otinish.kz

9025
людей уже подписали

Петиция завершена

Қоғамның үндеуі

VIP-қонақ үй салу жоспарларымен байланысты Бозжыра бірегей шатқалы үшін қауіпке байланысты, біз Қазақстанның жанашыр азаматтары, Республиканың мемлекеттік органдары, бизнесі және азаматтық қоғамы үшін үндеу жасау қажет деп санаймыз.

Маңғыстауда және Қазақстанның басқа өңірлерінде туризмді дамытуды толық қолдай отырып, біз қазіргі әлемде қоршаған ортаға ең аз әсер ету қағидатын ұстану қажет екендігіне сенімдіміз, экологиялық туризм дәл осы білдіреді.

Біз тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның визит карточкасы болып табылатын Бозжыра шатқалы осы уақытқа дейін Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрамына кірмейтініне алаңдаймыз, соның салдарынан бұл нәзік жерге үлкен зиян келтіретін іс жүзінде бақылаусыз туристік ағын бар.

Біз, Бозжырада туризмді дамыту үшін бірінші кезекте табиғи байлықты және баға жетпес ғарыштық ландшафттарды сақтауға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалуы тиіс деп есептейміз. Бозжыраны Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) құрамына, аумаққа баруды және күзетуді регламенттейтін барлық ережелермен, жедел енгізу қажет. Оны енгізу үшін жұртшылықпен бірлесіп, шатқалға барудың арнайы ережелерін әзірлеп, қабылдау және барлық келушілердің осы ережелерді орындауы үшін, жағдай жасау қажет.

Біз Бозжыраны жаппай, бақыланбайтын туризммен өлтірілген жерге айналдыруға, сондай-ақ оны "таңдаулылар үшін жұмаққа"айналдыруға қарсымыз. Біз Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін жақсы көретін және бағалайтын барлық адамдар үшін табиғи объектілерге тең және жауапты қолжетімділікті сақтауды қолдаймыз.

Біз, жобамен ескерілген жерде, атап айтқанда, Азулардан 4 км. жерде, Жабайұшқан қорығының шекарасынан 495 м. қашықтықта қонақүй салуға үзілді-кесілді қарсымыз. Қонақ үй Бозжыраның барлық бақылау нүктелерінен анык көрінетін болады, ал оның құрылысы мен қызметі бүкіл тірі әлем үшін өте күшті алаңдаушылық факторы болады. Бұл қонақ үйдің болуы Бозжыраның сұлулығын жоғалтуға, биосистемаға, шатқалдың табиғи және тарихи құндылығына орны толмас зиян келтіруге, туристік тартымдылықты жоюға әкеледі.

Бүгінде Бозжырада жүргізіліп жатқан техникалық және құрылыс жұмыстары - ақпаратқа қолжетімділік, қоршаған ортаға қатысты шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы туралы Қазақстан ратификациялаған БҰҰ Орхус конвенциясын тікелей бұзушылығы. Біз, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс, елдің орнықты дамуын қолдаймыз.

Біз ҚР Мәдениет министрлігі мен басқа да уәкілетті органдарды Үстірт пен Бозжыраны ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи және мәдени мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға шақырамыз. Бұл қадам өңірдің халықаралық имиджі үшін үлкен оң әсер етеді, мұнда тұрақты туризмді құруға серпін береді.

Біз, жергілікті халықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, атап айтқанда, қонақ үйлер салу, азық-түлік пен қолөнер өндірісі, экологиялық туризмді кеңейтуді қолдаймыз. Егер VIP-отельде шынайы сәйкессіздік болса, Маңғыстаудың тамаша табиғаты қолайлы орынды табуға мүмкіндік береді. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) сараптамалық ұсынысы бойынша Бозжырадан 20-25 км.қашықтықта қонақ үй құруды қарастыруға болады, бұл өркениетті әлемде "жақын қашықтық"болып саналады.

Бозжыра - барша қазақстандықтар үшін баға жетпес қазына, бүкіл планетаның теңдессіз қазынасы. Ең бастысы - Бозжыра, Үстірт киелі аумақ, Маңғыстаудың барша тұрғындарының отаны, мақтанышы. Бұл байлықты сақтау керек! Бұл фактіні түсіну тым кеш болмауы өте маңызды.

Біз азаматтарды, азаматтық қоғам мен Республиканың мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық экологиялық және мәдени ұйымдардың өкілдерін Маңғыстау облысының билігіне, Мәдениет министрлігіне, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және Қазақстанның саяси басшылығына бағытталған талаптарымызға қосылуға шақырамыз:

- Бозжыраны және Маңғыстаудың басқа да құнды табиғи және тарихи аумақтарының сақталуын қамтамасыз ету;

- ұсынылған жерде қонақ үй құрылысына тыйым салу;

- Бозжыраны нақты қорғау және Үстіртті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра тізіміне енгізу бойынша жұмысты бастау.

Бозжыраны сақтайық! Сохраним Бозжыру! Save Bozjyra!

Otinish.kz

9025
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться