петиция

Ұлттық арнадан тәлім тренд бағдарламасы жабылсын! Мұхамеджан Тазабек Ұлттың арнасына жоламасын!

Автор петиции: Айгүл | Қаз. 23, 2020

635
людей уже подписали

Петиция завершена

Қауіпсіздік кеңесі назарына! "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті назарына" Ұлттық қауіпсіздік комитеті назарына! Бұл халықтың ресми шағымы! Сәлафизм идеологиясын ұстанған адам елге қауіпті адам болып есептеледі. Танымдық бағдарламаны діни көзқарасы бойынша сараптамадан өтпеген адамға бермеу керек! Елдің тағдырын алаңдай келе М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін, әзірге қауіпті деп санаймын. Діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін! Егер ҚМДБ өкілдері М. Тазабекке дәстүрлі ханафи мәзһабымен амал етіп, мәтуриди сенімінде деп сенім білдірсе, біз халық құптаймыз! Сараптамадан өткеннен соң, қорытындысын ел алдына ашық жариялауды сұраймын! М.Тазабек Ұлттық арнада жұмыс істегісі келсе, Ұлттың талабын орындасын! “Мен сәләфит емеспін” деп жазсын! Ал ағайын қоғамның пікірін жоғарыдағылар білсін десеңіздер, бөлісіңіздер!

PS Авторлық басылым сақталған.
Фото сурет - ғаламтор желісінен

635
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться