петиция

ЛГБТ насихаттау жөніндегі selftanu.kz сайтын бұғаттау және тыйым салу туралы петиция

Автор петиции: Бердимурат Жансая | Қаң. 17, 2024

Otinish.kz

3952
людей уже подписали

Петиция завершена

Құрметті отандастар!

 

Біз - отбасылық құндылықтарға адал 135 мың қазақстандық азаматтан  тұратын ата-аналар қауымдастығымыз. Біздің басты миссиямыз - қоғамда саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру.

Дені сау және бақытты тұлғаны тәрбиелеуде отбасылық құндылықтарды насихаттау үлкен маңызға ие екендігі айтпаса да түсінікті. Отбасы қоғамның негізі болып табылатындықтан  сол отбасында мораль, этика және әлеуметтік нормалар туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Егер ата-аналар отбасылық құндылықтарды насихаттамаса онда балалар агрессия, есірткі, ішімдік және тағы басқа теріс мінез-құлық үлгілеріне бейім болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, цифрлық ақпарат ғасырында отбасы институтын дамытудағы БАҚ пен әлеуметтік желілердің рөлі зор екендігін ескерген жөн.  

Бір жағынан олар дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды алға тарта отырып саналы ата-ана болу институтын нығайтса,  екінші жағынан  олар кері әсер етіп, өскелең ұрпақ үшін теріс бағдар мен мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға  әсер етуі мүмкін.

Біз, қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы ретінде, Батыстан енген қатерлі құбылыс  ЛГБТ -ны ашық ақпараттық ресурста, нақтылай айтсақ,  selftanu.kz сайтында  ашық насихатталып жатқанына  алаңдаймыз.  Сайтта  жыныстық бағдарды анықтауға,  егер бағдарыңыз басқа болса достар табуға және қарым-қатынасқа түсу  туралы мәліметтер айтылған  және  ЛГБТК+ қарым-қатынас және жыныстық өмір туралы ақпарат, қолдау мен көмекті қайдан іздеу туралы хабарлар таратылған.  

Біз  selftanu.kz ЛГБТ насихаттау сайты жасөспірімдер  психологиясына теріс әсер етеді деп санаймыз. Бұл түптің түбінде отбасылық құндылықтардың жоғалуына және отбасы институтының құлдырауына әкелуі мүмкін.

Біз Қазақстанның барлық азаматтарын еліміздің болашағы үшін бей жай қарамауға және ЛГБТ насихаттау жөніндегі selftanu.kz сайтын бұғаттау және тыйым салу туралы петицияға қол қоюға шақырамыз.

 

"Сенімен Болашақ" республикалық  ата-аналар қоғамдық бірлестігі

 

PS Авторлық басылым сақталған.
Фото сурет - өтініш беруші ұсынған

Otinish.kz

3952
людей уже подписали

Петиция завершена
Поделиться